Алтын өндеу 31,8 % азайып, көлік пен сыраға сұраныс артты

561

Алтынға сұраныс азайып, көліктерге қызығушылық артқан.  

Алтын өндеу 31,8 % азайып, көлік пен сыраға сұраныс артты Фото: Google

Қостанай облысында өңделмеген алтын өндірісі 31,8%-ға қысқарды. Ал, көлік құрастыру керісінше қарқын ала түсті, деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Қаңтарда 125,4 млрд теңгенің көлігі сатылымға шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,3 пайызға көп. Сондай-ақ азық-түлік өндірісі 38 пайызға ұлғайған. Ресейліктердің жергілікті тәттілерге құштарлығы артып, шоколод дайындау 3,8 есеге өсті. Бір қызығы, биыл сыраға да сұраныс күрт артып, кәсіпорын өнім өндіруді 77 пайызға көбейткен. Сүт өнімдері - 16, ұн өндіру 5 пайызға ұлғайды. Аймақтың өнім өндіру саласында оң динамика болғанмен, бұл көрсеткеткіштер көңіл көншітпейді. Өйткені, тау-кен саласы өнеркәсіптің 32 пайызын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу