"Алтын Орда" базарындағы талай былықтың беті ашылды

1006

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің 2022 жылғы 8 ақпандағы кеңейтілген отырысында Алматы облысындағы "Алтын Орда" базарының қызметін ретке келтіруге қатысты тапсырмасына берген. Көп ұзамай сауда орыны аумағында тексерістер легі басталды, деп жазды inbusiness.kz.

"Алтын Орда" базарындағы талай былықтың беті ашылды

Мәселен, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бірқатар бақылау шараларын жүзеге асырды. 

Атап айтқанда, “Алтын Орда” базар аумағында сауда жасайтын 2993 тұлға кәсіпкер ретінде тіркелді. Оның ішінде ақпанда – 1 371, наурызда – 1 443, сәуірде – 179 бизнес иесі бар. Аталған 3 мыңға жуық адам осы уақытқа дейін, салық төлемей, кәсібін заңсыз жүргізіп келген. 

"Бұрыннан тіркеліп, жұмыс жасап отырған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды қоса есептесек, қазіргі уақытта жалпы саны 3 324 субъектіні құраған", – деп хабарлады ведомство. 

Бұрын базар аумағында сауда жасайтын 331 салық төлеуші ғана есепте тұрған.

Бақылау шаралары базарды жалға алушы "Altyn Orda QazTrade Ltd" ЖШС және базар иесі "KURYLYS LTD" - "Курылыс ЛТД" ЖШС-не қатысты жүргізілді.

Тексерулердің нәтижесінде бюджетке 1,5 млрд теңге салық төленді, оның ішінде "Altyn Orda QazTrade Ltd"  ЖШС – 1,4 млрд теңге төлесе, "KURYLYS LTD" - "Курылыс ЛТД" ЖШС – 92,3 млн теңге бюджетке құйды.

“Одан бөлек, қолданылған шаралар арқылы "Altyn Orda QazTrade Ltd" ЖШС мен "KURYLYS LTD" - "Курылыс ЛТД" ЖШС-іне камералдық бақылау бойынша жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге хабарламалар жіберіліп, 1,1 млрд теңге қосымша салық есептелді. Қазіргі уақытта оның 650 млн теңгесі бюджетке өндірілді”, – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті. 

Камералдық бақылау – салық тексеруін жүргізбестен, мемлекеттік кірістер органдарымен хабарламалар жіберу арқылы жүргізілетін бақылау түрі.

Сонымен қатар қазіргі уақытта "Altyn Orda QazTrade Ltd" ЖШС және базар иесі "KURYLYS LTD" - "Курылыс ЛТД" ЖШС-не қатысты салықтық тексерулері жүргізілуде.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу