Алтын-валюта резервтері 1,6 млрд АҚШ долларына ұлғайды - Ұлттық Банк

Резервтердің ұлғаюы көбінесе бір айда 9,3%-ға қымбаттаған алтын бағасының өсіміне байланысты болып отыр. 

Алтын-валюта резервтері 1,6 млрд АҚШ долларына ұлғайды - Ұлттық Банк Фото: "Астана" телеарнасы

Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz .

"Наурыз айының қорытындысы бойынша, алтын-валюта резервтері 1,6 млрд АҚШ долларына ұлғайды және 36,1 млрд АҚШ долларын құрады. Резервтердің ұлғаюы көбінесе бір айда 1810,20-дан 1978,80-ге дейін 9,3%-ға қымбаттаған алтын бағасының өсіміне байланысты болып отыр. Бағалы металға деген сұраныстың артуынан, оның ішінде инвесторлардың АҚШ пен Еуропадағы банктердің банкроттығына қатысты қауіптен туындады", – деді спикер. 

Қазіргі уақытта банк секторындағы жағдай қалыпқа келгенімен, алтынның бағасы АҚШ ФРЖ саясатының "кері бұрылуы" мен мөлшерлемені төмендету циклінің басталуы туралы күтулерге байланысты әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Алтын бағасының өсуінен болған оң әсер ЕДБ қаражатының Ұлттық Банктегі валюта шоттарынан әкетілуімен ішінара теңестірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу