Алтын-валюта резервтері 945 млн долларға артты

Бұған себеп алтын бағасының 7,4%-ға өсуі.  

Алтын-валюта резервтері 945 млн долларға артты Фото: qazaqstan.tv

Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алдын ала деректер бойынша, қарашада алтын-валюта резервтері 945 млн АҚШ долларына артып, 33,9 млрд АҚШ долларын құрады. Өткен айдың ішінде ЕДБ қаражатының Ұлттық Банктегі валюта шоттарынан әкетуін байқағанымызға қарамастан, резервтер алтын бағасының 7,4%-ға өсуі аясында бір унция үшін 1639 доллардан 1760 долларға дейін өсті.

Бағалы металдың қымбаттауы АҚШ-тағы инфляция бойынша деректердің шығуына және мемлекеттік облигациялар кірістілігінің кейіннен төмендеуіне, сондай-ақ АҚШ долларының әлсіреуіне байланысты болды", – деді бас банк төрағасының орынбасары.

Алтын бағасының өсуі аясында Ұлттық Банк халықаралық резервтерді әртараптандыру үшін аталған бағалы метал үлесін қысқарту саясатын жалғастыру шеңберінде оның бірақ бөлігін тұрақты валютаға сатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу