Алтындарды ломбардқа өткізген: Ақтөбеде клиенттерін алдаған зергер ұсталды

116

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асады.

Алтындарды ломбардқа өткізген: Ақтөбеде клиенттерін алдаған зергер ұсталды Фото: Polisia.kz

Орталық базар аумағында орналасқан зергерлік шеберханалардың бірінің зергеріне қатысты азаматтардан полицияға арыз-шағымдар түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, зергер клиенттерден алтын бұйымдарды жөндеуге немесе әшекей жасау үшін қабылдап алған. Кейін ол бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі таңда оның кемінде 20 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу