Алтынемел асуында көліктің барлық түріне жол жабылды

557

Республикалық маңызы бар "Сарыөзек-Көктал" автожолы бүкіл көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алтынемел асуында көліктің барлық түріне жол жабылды

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметінше, бүгін, 22 қараша кешкі 20.30-дан бастап "Сарыөзек-Көктал" тасжолының 45-68 шақырым аралығында көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды.

Бұл учаске - Алтынемел асуының тұсы.

Жолдың жабылуына толассыз жауған қар, ақтүтек боран, екпіні секундына 20 метрге жететін күшті жел себеп болды.

Жолдың аталған учаскесінде 6 арнайы техника күрделі жөндеу жұмысына жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу