Алтынның бағасы жыл басынан бері 12 пайызға артып троя унциясы 1287,2 АҚШ долларына тең болды. Бұл туралы LS-ке сілтеме жасап, 7kun.kz хабарлайды.
Маусымның 5-інде алтын бағасы троя унциясы үшін 1282,5 АҚШ долларынан басталды. Сауда барысында құнды металл қымбаттай түсіп, 1287,6 АҚШ долларына жетті. Осылайша жыл басынан бері алтын бағасы 11,74 пайызға қымбаттады.
Sberbank Investment Research Михаил Шейбе алтын бағасының қымбаттауына Америкадағы еңбек нарығының жағымсыз мәліметтері себеп болған. Ол өткен жұмада құнды металдың бағасы унциясына 19 долларға өскенін айтады.
"Бағаның өсуіне америкалық еңбек нарығы туралы ақпараттың күтілген деңгейден едәуір төмен болғаны әсер еткен. Қазір алтынның котировкасы тұрақты. АҚШ-тың Еңбек министрлігі жұмада жариялаған ақпарат инвесторлардың бұл нарыққа деген сенімділігін төмендетті. Себебі мамырда жұмыспен қамтылғандардың өсімі азайып кеткен. Өткен айда 138 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл соңғы 12 айдағы ең төменгі көрсеткіштен 43 мыңға төмен. Ал экономистер мамырда 185 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлаған", — деді Шейбе.
Оның ойынша, бұл жағымсыз ақпарат АҚШ Федералды резервінің пайыздық мөлшерлемені көтеруіне еш кедергі болмайды.