Алтынның бағасы граммы 29 мың теңгеден асты

Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 2 мың теңгеге жоғары. 

Алтынның бағасы граммы 29 мың теңгеден асты Фото: Etoday.kz

Елімізде алтынның бағасы граммына 29 мың теңгеден жоғарылады.

Ресми баға 21 сәуірден бастап осы көрсеткіш шамасында тұрақтады.

Бұл 2022 жылдың наурызынан бергі ең ұзақ серия, бірақ содан кейін теңгенің әлсіреуі, жаһандық белгісіздік және басқа да факторлардың әсерінен баға бүкіл ай бойы дерлік 30 мың теңгеден жоғары болүан. Ал қазір баға тұрақты, бірақ бұл құнды металл бағасының шарықтауына кедергі келтірмейді.

Нақтырақ айтсақ, бүгінде ресми құны бір грамм үшін 29 300,52 теңгені құрайды (ҚР Ұлттық банкінің деректері). 

Бұл 31 наурызбен салыстырғанда 950 теңгеге артық. Ал жыл басымен салыстырғанда 2 мың теңгеге жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу