Алтынның бағасы қымбаттай бастады

Бағалы металдың унциясы 1852 долларға дейін өсті.  

Алтынның бағасы қымбаттай бастады Фото: nationalbank.kz

Әлемдік биржаларда алтынның бағасы қымбаттап, унциясына 1852 долларға жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Соңғы рет мұндай меже 2022 жылдың маусым айының ортасында тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, бұған жаһандық валюта нарығындағы АҚШ долларының әлсіздігі және нарықтағы құбылмалылық себеп.

Сонымен қатар мамандар мұны экономикалық дағдарыс кезеңінде көпшілік тұрақты инвестиция құралын таңдайтынымен байланыстырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу