Алтынның бағасы төмендеуде

578

Бұған не себеп? 

Алтынның бағасы төмендеуде

АҚШ-тың ФРЖ пайыздық мөлшерлемелерінің күрт көтерілуі АҚШ доллары индексі мен АҚШ қазынашылық кірістілігін арттырғандықтан, алтын бағасы құлдырай бастады, деп жазды inbusiness.kz. 

Өткен аптада ФРЖ басшысы Джером Пауэлл орталық банк әлемдегі ақша-несие саясатын қатаңдату циклін бәсеңдетуге ниеті жоқ деп ескертуі бағалы метал бағасына қатты әсер етті.

Бұл ретте алтын бағасының бесінші ай қатарынан төмендеуі алтын қорлары бар елдерге әсер етіп, инвесторлардың бағалы металға деген қызығушылығын төмендетуі мүмкін.  

Айта кететіні, ҚР Ұлттық банкінің соңғы мәліметтері бойынша, шілдеде елдің алтындағы қорының көлемі 21,1 млрд долларды құрады, демек бір айда оның бағасы 5,84%-ға, ал жыл басынан бері 10%-ға төмендеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу