18 желтоқсанда алтынның биржалық бағасы тарихи рекордты жаңартып, тарихта алғаш рет бір трой унциясы үшін 4400 доллар (2 266 000 теңге) межесінен жоғары көтерілді.
KASE мәліметінше, Астана уақытымен 21:17-дегі жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынның ақпан айына арналған фьючерсінің бағасы алдыңғы жабылумен салыстырғанда 28,95 долларға (14 909,25 теңге) немесе 0,66% өсіп, бір трой унциясы үшін 4 402,85 долларды болды. Осылайша, алтын бағасы тарихи рекордты жаңартты.
Қазақстанда Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, 18 желтоқсанда алтынның бағасы 71 347,99 теңге болған еді.