Алтынның соңғы бағасы бұған дейінгі рекордтық көрсеткіштерді жаңартты

3304

Бүгінде бағалы металдың грамы 32 мың теңгеден жоғары. 

Алтынның соңғы бағасы бұған дейінгі рекордтық көрсеткіштерді жаңартты

2022 жылдың 9 наурызында 1 грамм бағалы металдың ресми бағасы 32 476,21 теңгені құрады, деп жазды inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.

Бағаның күрт өсуі 24 ақпанда басталды. 2 аптадан аз уақыт ішінде бағалы металдың бір грамы 5 828,5 теңгеге немесе 21,9%-ға қымбаттады. Тек мереке күндері ғана баға шамамен 1,3 мың теңгеге өсті. 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткіштермен салыстырғанда өсім 7,5 мың теңгеден астам немесе 30%-ға жетті.

"Алтынның ұлттық валютадағы бағасы екі құрамдас бөліктен тұрады. Біріншісі – әлемдік баға. Бүгінде бұл көрсеткіш бір троя унциясы үшін 2 000 доллардан асты (шамамен 31,1 грамм), бұл тарихтағы ең жоғары деңгейге жетті. Басты себеп – инвесторлар тарапынан осы активке сұраныстың артуы. Алтын дәстүрлі түрде нарықтарда "қауіпсіз" инвестициялық құрал болып саналады және әлемде түрлі оқиғалар болған кезде баға бірден көтеріледі", – деп жазылған бюроның сараптамалық орталығы таратқан хабарламада. 

Екінші құрамдас бөлік – Қазақстандағы доллар бағамы. АҚШ валютасының 9 наурыздағы ресми бағамы – 503,3 теңге, бұл да тарихи максимум. Ал 24 ақпанмен салыстырғанда доллар 15,1%-ға немесе 66,08 теңгеге өскенін байқауға болады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу