Аляска жағалауы өте қуатты жер сілкінісіне дайындалып жатыр

Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлаған.  

Аляска жағалауы өте қуатты жер сілкінісіне дайындалып жатыр Фото: metro

Осының өзінде Аляска жағалауында 7,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркеліп үлгерген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

АҚШ Геологиялық қызметі Аляска жағалауына жақын маңда тағы жер сілкінісі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тіпті, оның қаупі тым жоғары екенін қатаң ескертіп отыр. 

Мекеме өз мәліметінде зілзаланың эпицентрі Санд-Пойнт елді мекенінен оңтүстікке қарай 87 шақырым жерде орналасқанын мысал етеді. Жерасты дүмпулерінің ошағы 20,1 шақырым тереңдікте болған. Цунами қаупі бар екені де ескертілді.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жайлы нақты ақпарат жоқ. 

Бірнеше күн бұрын елімізде жер сілкінісі тіркелгенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу