Амандық Баталов ауруханадан шықты

725

Әкім дәрігерлерге алғыс айтты.

Амандық Баталов ауруханадан шықты

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты. Бұл жаңалықты әкімнің өзі әлеуметтік желіде хабарлады.

"Бүгін ауруханадан шықтым. Өз тарапымнан мені қолдап, көңіл білдірген жерлестеріме, достарыма және туған-туыстарыма алғыс білдіремін. Ал, ақ халатты абзал жандарға айтар алғысым ерекше. Олардың ерлікке теңерлік еңбегі мен ісіне деген адалдығына тәнті болдым. Енді жұмысқа кірісіп, сіздермен бірге індетпен күресті жалғастырмақпын. Бір жеңнен білек шығарып қана осы дерттің бетін қайтара аламыз. Өздеріңізге және жақындарыңызға саулық тілеймін",– деп жазды облыс әкімі.

Еске сала кетсек, әкімнің індет жұқтырып, оқшауланғаны өткен айда белгілі болған еді. Кейіннен дәрігерлер науқасты Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталыққа жатқызған дұрыс деп шешті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу