Америкалықтар 2023 жылы сатып алған тауарларын 743 млрд долларға қайтарды

388

Бұл бөлшек саудада сатып алынған барлық тауарлардың шамамен 14,5%-ын құрайды. 

Америкалықтар 2023 жылы сатып алған тауарларын 743 млрд долларға қайтарды Фото: inbusiness.kz

Ол туралы Ұлттық бөлшек сауда федерациясының (NRF) есебінде айтылған. Ұлттық бөлшек сауда федерациясының NRF мәліметтері бойынша, әрбір 1 миллиард доллар сатылым үшін бөлшек саудагерлер орташа есеппен 145 миллион доллар қайтарым алады. Ал онлайн сегментте үлес одан да жоғары – 17,6% немесе жалпы алғанда 247 миллиард долларды құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Сонымен қоса, Федерация әдістемедегі өзгерістерге байланысты биылғы жылдың нәтижесін 2022 жылғы сандармен салыстыруға болмайтынын атап өтті.

"Бөлшек саудагерлер клиенттерге қызмет көрсету сапасын оңтайландыру кезінде қайтару шығындарын азайтудың жаңа әдістерін сынауды және енгізуді жалғастырып жатыр", - деді Ұлттық бөлшек сауда федерациясының (NRF) зерттеу бөлімінің атқарушы директоры Марк Мэтьюз.

Атап айтқанда, олар өздерінің онлайн-дүкендеріндегі тауарлардың өлшемдері мен параметрлерінің егжей-тегжейлі сипаттамаларын көрсетеді, сондай-ақ қайтару кезінде чектерді талап етеді.

Өткен жылы тауарларды қайтару бойынша алаяқтықтан бөлшек саудагерлердің шығыны 101 млрд долларды құрады. Барлық шығындардың жартысына жуығы пайдаланылған және жұмыс істейтін тауарлардың қайтарылуынан, тағы 44% ұрланған заттардың қайтарылуынан болады. Сонымен қатар, бөлшек сауда өкілдері арасындағы респонденттердің шамамен 20%-ы ұйымдасқан алаяқтық топтардың әрекеттеріне тап болғанын түсіндірді.

АҚШ-тағы ең белсенді сату кезеңі қысқы демалыс маусымы (қараша-желтоқсан айлары) болып саналады. Сонымен қатар, бөлшек саудагерлер осы кезеңдегі қайтару үлесінің жылмен салыстырғанда 15,4%-ға дейін аз ғана өсуін күтеді. Бұл ретте, заңсыз қайтару сатып алушылар дүкендерге қайтаратын барлық сатылымдардың 16,5%-ын немесе 25 млрд долларды құрауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу