Ана мен нәресте өлімінің көрсеткіші төмендеді – министр

436

Елдің орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссия отырысы өтіп жатыр.

Ана мен нәресте өлімінің көрсеткіші төмендеді – министр Фото: freepik

5 жасқа дейінгі балалардың өлім коэффициенті 2%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады inbusiness.kz. 

Ведомство басшысының сөзінше, биылғы 8 айдың қорытындысы ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 11,4-ке дейін төмендегенін көрсетіп отыр.

"Білікті медицина қызметкерлері қабылдаған босану үлесі – 99,7%. 2022 жылы неонаталдық өлім, яғни 1 айға дейінгі нәресте өлімінің көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 11%-ға төмендеді. Осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінің мәнімен салыстырғанда 11,9%-ға азайды. 5 жасқа дейінгі балалардың өлім коэффициенті 2%-ға төмендеді", - деді министр Парламенттік комиссия отырысында.

Еске салу керек, осыған дейін елдің дамуындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуы бойынша Парламенттік комиссия құрылатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу