Анатолий Балушкин қандай күдікке ілінді

1241

"Азия Авто" АҚ, "Бипэк Авто Қазақстан" АҚ-ның негізгі акционеріне қатысты іздестіру іс-шараларын жүргізу бастамасын Қаржы мониторингі агенттігі көтерген. 

Анатолий Балушкин қандай күдікке ілінді

Кәсіпкер Анатолий Балушкинге іздеу жарияланғанын агенттік растады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Ведомство Forbes тізіміне енген қазақстандық миллионерге қатысты алаяқтық істі тергеп жатыр.

"Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Азия-Авто" АҚ компаниялар тобының құрылтайшысы Анатолий Балушкинге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша (алаяқтық) қылмыстық істі тергеуде", - деп жазылған хабарламада.

Сот күзетпен ұстау (сырттай) түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. Басқа ақпарат тергеу жүріп жатқандықтан жария етілмейді.

Айта кетейік, осыған дейін кәсіпкер Анатолия Балушкинге іздеу жарияланғаны хабарланған.
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу