Айқас аса жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған еді. Лукас бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
"Бәріңізді өте жақсы көремін және қуанышты жаңалықты хабарлағым келіп тұр. Біздің қолымыздан келді! Бүгін мен екінші әлем чемпионы титутын жеңіп алдым. Мақсатым – абсолют чемпион атану! Алға, Қазақстан!", – деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Сонымен қатар ол Instagram парақшасында қарсыласы Рома Юсафқа алғыс айтып, ол өз елінің – Пәкістанның аңызға айналған адамы екенін айтты.
Рома Юсаф – кәсіпқой бокста мұндай жоғары рейтингке көтерілген алғашқы пәкістандық әйел.