Англия банкі базалық мөлшерлемені жылдық 5,25% деңгейінде сақтап қалды

Көрсеткіш сарапшылар болжамымен сәйкес келді. 

Англия банкі базалық мөлшерлемені жылдық 5,25% деңгейінде сақтап қалды Фото: cryptopolitan

Англия банкі базалық мөлшерлемені жылдық 5,25% деңгейінде қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін сала өкілдері дәл осындай болжам жасаған. 

"Мөлшерлемені көтеру туралы шешімді Ақша-несие саясаты комитетінің тоғыз мүшесінің алтауы қолдады, үшеуі оны 25 базистік тармаққа көтеруді қолдады", – деп хабарлады Британ Орталық банкі отырыс қорытындысы бойынша жарияланған мәлімдемеде.

Ақша-несие саясаты комитеті Англия Банкі өзінің қазіргі саясатын ұзақ уақыт бойы сақтауға мәжбүр болуы мүмкін деп болжайды. Ал инфляциялық қысым белгілері сезілген жағдайда оны одан әрі күшейту қажет болады, деп хабарлады Орталық банк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу