"Алдағы екі айдың ішінде Париждің Юнеско штаб-пәтерінде үлкен халықаралық конференцияны өткіземіз. Ыстанбұл қаласында да конференция өтпек. Анкара қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш қою мәселесі де оң шешімін тапты. Осы жылдың соңына дейін ресми түрде ашылуы болады", – деді министр.
Ведомство басшысы Оксфорд университетінің Орталық Азияны зерттеу орталығы өз еңбектерінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлына "20 ғасырдың басында мәдени төңкеріс жасаушылар" деген тұлғалық сипат бергенін атап өтті.
Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатқанын жазған болатынбыз.