"Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Түркістан облысының Арыс қаласында дүниеге келген.
Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков – Құрмет орденінің иегері, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері.
Ол 1978 жылы "Дос-Мұқасан" ансамбліне қабылданып, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының "Арқас", "Сазген", "Адырна" ансамбльдерінде қызмет еткен. Әнші 1994-1996 жылдары "Гүлдер" ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болып жұмыс істеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу