Антальяда 4,8 балдық жер сілкінісі болды

171

Құрбан болғандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Антальяда 4,8 балдық жер сілкінісі болды Фото: aikyn.kz

Кеше түнде Анкара уақытымен cағат 22:13-те (Астана уақытымен 00:13) Түркияның Анталья провинциясында магнитудасы 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Түркия үкіметінің Табиғи апаттардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Жерорта теңізінің жағалауға жақын аймағында орналасқан. Оның тереңдігі шамамен 35 шақырымды құрады.

Жер сілкінісі курорттық аймақтарда, әсіресе жерасты дүмпулері қатты сезілген жағалаудағы аудандарда жергілікті тұрғындар мен қонақүй қонақтарын алаңдатты. Билік азаматтарды сабыр сақтауға және ресми хабарламаларды бақылап отыруға шақырды.

Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр, құтқарушылар мен төтенше жағдайлар қызметі ықтимал жер сілкінісі немесе афтершок болған жағдайда жоғары дайындық жұмыстарын жүргізді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу