АӨК дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қандай нәтиже береді

1266

ҚР агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

АӨК дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қандай нәтиже береді

Онда көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық мәселелері, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұжырымдамасы, сондай-ақ кеңес қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АӨК дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелері туралы АШМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры Сәуле Молдабаева хабардар етті.

Тұжырымдама мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға, азық-түлік, ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жер ресурстарының қолжетімділігіне, қаржы құралдарын жетілдіруге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті дамытуға бағытталған.

"Жалпы алғанда, тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде он жыл ішінде азық-түлік тауарларымен (оның ішінде әлеуметтік маңызы бар) қамтамасыз ету деңгейін кемінде 80% деңгейінде жеткізу, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 3 есе ұлғайту, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 3 есе арттыру, АӨК инвестициялар ағынын 4 есе ұлғайту, ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қадағаланбайтын (көлеңкелі) экономиканың үлесін ЖІӨ-де 0,5%-ға дейін төмендету жоспарлануда", – деді Сәуле Молдабаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу