Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) толыққанды халықаралық ұйымға айналса, атауы өзгере ме? Бұл сұраққа АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Төрағалық мәлімдемеге қарайтын болсақ, пікірталас барысында бұл ұйымның әртүрлі атаулары ұсынылғаны айтылды. Кеңеске мүше мемлекеттің бірі жаңа ұйымды "Азиядағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық ұйымы" деп атау туралы ұсыныс жасады. Ресей делегациясы "Еуразиялық ынтымақтастық ұйымы" деген атауды ұсынды", - деді спикер.
Қайрат Сарыбай ұйымның атауына қатысты өз пікірімен бөлісті.
"Мен өзімнің жеке көзқарасымды айтатын болсам, қазіргі атауды қалдыруға да болады. Себебі ол атау бүгінде қалыптасып үлгерді. Ұйымның атауы туралы мәселе одан әрі де талқыланатын болады", - деді кеңестің Бас хатшысы.