Апат жағдайлары анықталғанға дейін Fokker-100-дің ұшуы уақытша тоқтатылады

1163

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды. 

Апат жағдайлары анықталғанға дейін Fokker-100-дің ұшуы уақытша тоқтатылады

Алматы маңындағы Bek Air  компаниясы ұшағының апатына қатысты  жағдай анықталғанға дейін Fokker-100-дің ұшуы тоқтатылды.  

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары басқаратын Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. 

Ұшақ апатының себебін анықтау үшін құрылған үкіметтің арнайы комиссиясы Алматы маңындағы Bek Air  компаниясы ұшағы апатқа ұшыраған жерге аттанды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, таңғы сағат 07.05-те  №Z2100 рейсі радардан жоғалғаны туралы хабарланған болатын. Сағат 07.22-де "Бэк Эйр" әуе комипаниясының ұшағы Алматы–Нұр-Сұлтан бағытында ұшып шығып, биіктікті сақтай алмай, қос қабатты ғимаратқа соғылғаны белгілі болды.  Ұшақта болған жолаушылар қауіпсіз жерге орналастырылып жатыр. Әзірге 7 адам қайтыс болғаны туралы ресми дерек бар. Құлаған ұшақ өртенбей қалған. Әуе бортында 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу