Апатты деп танылған 90 пәтерлі көпқабатты үйдің тұрғындары көшкісі келмейді

800

Қолданыстағы заң бойынша үйлері апатты деп танылған жағдайда, онда тұратын отбасыларға тек жалдамалы баспана беріледі екен. 

Апатты деп танылған 90 пәтерлі көпқабатты үйдің тұрғындары көшкісі келмейді

Көкшетауда Вернадский көшесінде орналасқан 90 пәтерлі көпқабатты үй тағы да апатты деп танылды. Себебі ғимараттың қабырғасы жарылып, іргетасы отыра бастаған, деп хабарлайды 24.kz.

Алайда тұрғындарды бұдан да қатты алаңдатып отырған бір мәселе бар. Ол қолданыстағы заң бойынша үйлері апатты деп танылған жағдайда, онда тұратын отбасыларға тек жалдамалы баспана беріледі екен. Сондықтан тұрғындар бұған үзілді-кесілді қарсы болып отыр.

"Біз бұл үйді әлі де бүге-шүгесіне дейін зерттейміз. Ал әрі қарай бірнеше шешімнің біріне тоқталуымыз мүмкін. Біріншісі, үйді толық апатты деп танып, оны бұзамыз. Екіншісі, егер үй жөндеуге келетін болса, тұрғындарды уақытша басқа жерге көшіре тұрамыз да, оны қалыпқа келтірумен айналысамыз. Ол үшін қосымша тағы сараптама жүргізу керек. Ал үшінші тағы бір нұсқа бар. Бірақ оны әлі де талқылау қажет",– дейді қала әкімі Амангелді Смайылов.

Бірақ бұл сөзге де халық бірден көне қоймады. Себебі тұрғындар апатты үйдің жырынан әбден шаршаған. Алайда шаһар басшысы бұл мәселені 3 аптаның ішінде біржақты қыламыз ден сендірді. Осылайша, бірнеше рет апатты деген атқа ие болған үйдің ендігі тағдыры алдағы уақыттың еншісіне қалып отыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу