Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады

352

Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Қар аралас жаңбыр: Қазавтожол жүргізушілерге ескерту жасады Фото: Көлік министрлігі

Бүгін Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар жаууы ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде жолдың көрінуі қиындап, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

– Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауды, жол жағдайына қарай жылдамдықты таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынамыз, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу