Бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотына кемі 3 мың доллар жиналады

2454

"Ұлттық қор – балаларға" атты жаңа бағдарлама іске қосылады.

Бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотына кемі 3 мың доллар жиналады

Бүгін Президент жолдауында "балалардың болашағы үшін" деп тағы бір қор ашуды ұсынды.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, бағдарлама іске қосылса, 18-ге толғанда әр баланың шотында кемі 3 мың АҚШ доллары тұрады.

"Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында "Ұлттық қор – балаларға" атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады", – деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу