Әр фермердің мәселесі жеке қаралады – министр

166

Осы уақытқа дейін 119 шаруадан несиені өтеу мерзімін ұзартуға қатысты өтініш түскен. 

Әр фермердің мәселесі жеке қаралады – министр Фото: Үкімет

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Несиелерді жаппай ұзарту болмайды. Әр фермердің мәселесі жеке қаралады. Өйткені біз үшінші жыл несие уақытын ұзартып жатырмыз. Бұл бюджеттің ақшасы, оны қайтару керек. Біз әрқайсысын жеке қарастырамыз. Қазір 119 фермерден 5,1 млрд теңгеден астам қарыз сомасына өтініш келіп түсті", – деді министр Мәжілістің кеңейтілген отырысында.

Айта кету керек, осыған дейін Үкімет резервінен шаруалардан астық сатып алуға 10 млрд теңге бөлінетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу