Кездесуді Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттер Министрлері кеңесінің ағымдағы сессиясының төрағасы, Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал Бин Фархан басқарады. Бұл туралы Сауд Арабиясының ақпарат агенттігі хабарлады.
Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі бас хатшысы Найеф Аль-Хаджраф кездесуде саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ортақ мүдделер үшін тұрақтылыққа, қауіпсіздікке, бейбітшілік пен достыққа қол жеткізу үшін тараптар арасындағы стратегиялық қатынастар мен бірлескен ынтымақтастықты нығайту салалары талқыланатынын айтты.
Ол тамыз айының басында Орталық Азия елдеріне жасаған сапары барысында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылғанын, барлық тараптарға қызмет ететін және көптеген ортақ тарихи және мәдени байланыстардың болуы тұрғысынан стратегиялық диалогтың перспективаларын жақсартатын қатынастар үшін институционалдық шеңберлер құруға үлкен қызығушылық танытқанын айтты.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі сондай-ақ стратегиялық диалог бойынша алғашқы бірлескен кездесу өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша қатынастарды ілгерілетуге септігін тигізетінін атап өтті.
Динара Мұрат