Арабтар СҚО-да сауда орталықтарын салуға ниетті

720

 Арабтар СҚО-да сауда орталықтарын салуға ниетті

СҚО-ға Фуджейра әмірлігінің еркiн экономикалық аймағының бас директоры Шариеф Әл-Ауадхи бастаған бизнес делегациясы келдi. СҚО әкiмi делегациямен облыстық әкімдікте кездестi.

"Бiздiң облыс ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеуге көп көңiл бөледi. Солтүстiктiң өнiмi таза әрi бәсекеге қабiлеттi. Солтүстiк Қазақстан өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, өнiмдi экспорттау және туризм салаларында бiрлесе жұмыс жасауға дайын", — дедi Құмар Ақсақалов.

Фуджейра еркiн экономикалық аймағының бас директоры Шариф Әл-Ауадхи қонақжайлық танытқан солтүстiкқазақстандықтарға алғысын жеткiзiп, терiскейге ынтымақтастықты нығайту үшiн келгендерiн айтты.

"Бiзде туризм мықты дамуда. Қонақ үй бизнесi саласында тәжiрибемен бөлiсуге дайынбыз. Бiз трейдинг және өнiмдi қайта өңдеу бағыттарында қолайлы жағдайлар жасадық. Бiз серiктестерге салық төлемей, 100 пайыз үлестi иелiк етуге мүмкiндiк беремiз. Солтүстiк Қазақстанда бiздi әсiресе туризм және ауыл шаруашылығы салалары қатты қызықтырып отыр. Жаз уақытында сiздерге келiп демалуға болады, ол үшiн ауа райы өте қолайлы екен. Бiздiң елде қазiр аптап ыстық. Сондай-ақ бiздiң бизнесмендер сауда орталықтарын салуға қызығушылық танытып отыр", — дедi Шариеф Әл-Авади.

Кездесу соңында екi тарап ынтымақтастық жөнiндегi бiрқатар меморандумдарға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу