Арақ-шарап қымбаттайды

905

Арақ-шарап қымбаттайды

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 14 наурызда ҚР үкіметінің қаулысына қол қойды, оған сәйкес елімізде 2018 жылы арақ пен күшті ликер-арақ өнімдерінің 1 литрі үшін бөлшек саудадағы бағасы 1900 теңгеден төмен болмауы керек, деп хабарлайды atr.kz.
Қаулының мәтіні ресми БАҚ-та жарияланды.

"Қазақстан Республикасының үкіметі 2018 жылы арақ, ерекше арақ, ликер-арақ өнімдерінің минималды бөлшек сауда бағасын 1 литрі үшін 1 900 теңге көлемінде белгілеу туралы қаулы етеді", — делінген қаулының мәтінінде.

Қаулы ресми түрде жарияланғаннан күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң заңды күшіне енеді.

Айта кетейік, Қазақстанда 2017 жылы мұндай өнімдердің 1 литрі үшін баға 1 700 теңге болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу