Арақ-шараптың бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы қымбаттады

1540

Арақ-шараптың бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы қымбаттады

Арақ-шарап өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі құны жоғарылатылады, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Үкімет алкоголь өніміне төменгі бөлшек саудадағы бағаны жоғарылатуды қарастыратын Қаулысының жобасын қарауда. Ол бойынша, арақ-шарап өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі құны 2017 жылы бір литріне 1 700 теңге деп белгіленген. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

Министрліктің xабарлауынша, бұл шаралар алкоголь өнімдерін тұтыну деңгейін төмендету мақсатында қолға алынып отыр. Сонымен қатар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа заң бойынша, алкогольдік өнімнің 1 литрі үшін: 2017 жылы - 2 000 теңге, 2018 жылы – 2 275 теңге, 2019 жылы – 2 550 теңгеге дейінгі акциздік мөлшерлемені белгілеу көзделген. 2016 жылмен салыстырғанда, өсім – 85 %-ды құрайды.  Ал, сыра және сыра сусындарының 1 литрі үшін 2017 жылы 39 теңге, 2019 жылы 57 теңгеге дейін өсіру көзделген. "Қазақстанда сыра акцизінің литріне 26 теңге мөлшерлемесі 15 жыл бойы, 2000 жылдан бері өзгермеген. Егер арақтың құрамында әрбір 1°С үшін 13,8 теңге акциз белгіленсе, сырада 4,8 акциз қарастырылған болатын. Сыра акцизі мен арақ акцизінің ара салмағы 2,9-ды құрайтын. Өз кезегінде сырада орташа есеппен спирттің құрамы 5,4% болады. Осыған байланысты, Еуропалық Одақ елдері тәжірибесіне сүйеніп, акциз мөлшерлемесін сусын құрамындағы спирттің үлесіне қарап тағайындау ұсынылды", – делінген xабарламада.

Сыра акцизі мөлшерлемесінің бірден 100 %-ға жоғарылауы (литріне 53 теңге) сыра өндірушілерге кері әсер етуі мүмкін. Оның үстіне Қазақстан нарығы Ресей нарығына қарағанда біршама кішкентай. Ресей халқы сыраны 12 есе көп тұтынатынын ескеретін болсақ, бұл тіпті мардымсыз. Спирттік сусындардың акциз мөлшерлемелерін арттыру ішімдікке салынуға қарсы тиімді құралдардың бірі саналады. Қазақстанда соңғы 5 жылда алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға байланысты дерттердің саны 25 %-ға азайған (2009 жылы – 320 мың, 2013 жылы – 241 мың адам).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу