"Аралас формат". БҒМ ата-аналарды толғандырған сұраққа жауап берді

1509

Білім және ғылым министрлігі ата-аналарға мектеп формасын сатып алмауға кеңес берді.

"Аралас формат". БҒМ ата-аналарды толғандырған сұраққа жауап берді

Аралас форматта оқитын оқушылар мектепке өзіне ыңғайлы киіммен келе алады. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Ата-аналарды мазалап жүрген тағы мәселе бар. Ол – мектеп формасы. Оған қатысты биыл оқу жылының басында тиісті бұйрық қабылданды. Онда мектеп формасын сақтамау туралы шешім бар. Сондықтан оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың керегі жоқ. Оқушылар өзіне ыңғайлы, таза киіммен мектептегі сабағына қатыса алады", - деді Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, 1 наурыздан бастап 1-5 сыныптардың, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптардың оқушыларын аралас оқытуға рұқсат етілді.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстандағы оқушылардың басым бөлігі қашықтан оқып жатқаны хабарланған еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу