Самара-Шымкент тасжолының 862-шақырымында жүк көлігі мен минивэн соқтығысып, салдарынан 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“Апат салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Оның үшеуі бала. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар мен олардың ата-аналары басқа облыста өтетін футбол жарысына кетіп бара жатқан", – деп мәлімдеді ПД.
Көз жұмған балалардың 6, 7-сынып оқушылары екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу