Әрбір бесінші жол апаты көлік жылдымдығын арттырудан болады

1138

Қазақстанда жаяу жүргіншіні соғу, көліктің аударылуы, қарама-қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысу сынды жол апатынан адам өлімі жиі тіркеледі.  

Әрбір бесінші жол апаты көлік жылдымдығын арттырудан болады

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде жолдағы өлім-жітім жол апатының 3 түріне байланысты.

"Жаяу жүргіншіні соғу (273 адам көз жұмған, жол апатынан қаза тапқандардың 27%-ы), көліктің аударылуы (176 адам көз жұмған, жол апатынан қаза тапқандардың 17%), қарама-қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысу (141 адам көз жұмған, жол апатынан қаза тапқандардың 14%). Жол апатының осы түрлерінен болған өлім-жітім – 58%", – деді Серік Түсіпов ІІМ-де өткен онлайн баспасөз мәслихатында. 

Ол қазіргі таңда жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі ең өзекті мәселе болып тұрғанын атап өтті.

"Елдегі әрбір үшінші жол апаты, (7180 жол апатының 2 517-сі немесе 35%), жол апатынан қаза тапқан әрбір төртінші адам (қаза тапқан 1 017 адамның 273-сі немесе 27%), жол апатынан жарақат алғандар (9 533 адамның 2 404-і немесе 25%) жаяу жүргіншілер болып саналады", – деді комитет төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ Серік Түсіпов жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты мәселе барын ашық айтты. Жыл басынан бері олардың тарапынан 155 мыңнан аса заң бұзу дерегі анықталыпты.

"Қазақстандағы әрбір бесінші жол апаты елді мекенде көлік жылдамдығын арттыумен байланысты – 1 296 жол апаты немесе 18%. Салдарынан 136 адам қаза тауып, 1 628 адам жарақат алған", деді басшы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу