Ардагерлер салықтың 11 түрінен босатылды

1196

Биыл Жеңістің 75 жылдығына орай ардагерлерге 7,6 млрд теңге бөлінеді.

Ардагерлер салықтың 11 түрінен босатылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің айтуынша, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері салықтың 11 түрінен босатылмақ. Енді бұл категорияға Чехословакиядағы шиеленіс, Қарабахтағы этносаралық шайқас, Ирандағы бітімгершілік операциялар мен тәжік-ауған шекарасында ТМД елдерінің сыртқы шекарасын қорғауға қатысқандар да жатқызылады. 

Олар мына салық түрлерінен босатылады:
- көлік салығы
- мүлік салығы
- соттағы мемлекеттік бажы салығы
- жылжымалы мүлік кепілі
- азаматтық хал актілерін тіркеу кезіндегі төлем
- нотариалдық әрекет жасау кезіндегі мемлекеттік баж салығы
- зияткерлік меншік саласында заңды тұрғыда маңызды әрекеттерді жүзеге асыру барысында төленетін мемлекеттік баж салығы
- басқа да әрекет жасау барысында төленетін мемлекеттік баж салығы

Сонымен қатар вице-министрі биыл Жеңістің 75 жылдығына орай ардагерлерге 7,6 млрд теңге бөлінетінін айтты. Яғни Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен мүгедектердің әрқайсысына шамамен 1 миллион теңгедей үлестірілмек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу