Арқалық құс фабрикасы министрліктің мәлімдемесін жоққа шығарды

1115

Өлген құстардың бәрі жоғары патогенді құс тұмауын жұқтырғаны анықталған.

Арқалық құс фабрикасы министрліктің мәлімдемесін жоққа шығарды

"Агроинтерптица" компаниясы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Арқалықтағы фабрикадағы құстардың көпшілігі желдету сөндіріліп, тұншығу салдарынан өлді" деген мәлімдемесін теріске шығарды, деп хабарлады eldala.kz.

Новосібір сынақ зертханасында және Республикалық ветеринарлық зертханада жүргізілген зерттеулерге сәйкес, өлген құстардың бәрі жоғары патогенді құс тұмауын жұқтырғаны анықталған.

"Агроинтерптица" ЖШС-де 391 мыңнан астам құс өлді. Оның арасында  желдетудің тоқтауынан тұншығып 256 040 құс өлген, оған ақша төленбейді. Құс тұмауынан 135 384 бас құс өлді, тағы 41 642 бас құс ауру құстармен байланысты болғандықтан жойылды", – деген болатын ОКҚ брифингінде Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төраға м.а. Тұрсын Қабдулданов.

Бүгін "Агроинтерптица" бұл мәлімдемені ресми түрде теріске шығарды. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 18 қыркүйекте алғашқы өлім тіркелген, ал 21 қыркүйекте Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері кәсіпорынға келген. Құстардан алынған сынамалар Республикалық ветеринариялық зертханаға жіберілген.

"22 қыркүйекте жоғары патогенді H5 типті құс тұмауы расталғандығы туралы қорытынды алынды. Бұл зертханалық қорытындылар ауылдағы эпизодтық  жағдайды растады, Қостанай облысының әкімдігі карантин енгізу туралы қаулы шығарды", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Кәсіпорын Новосібірдегі сынақ зертханасына өлген құстардың сынамалары мен тіндерінің үлгілерін өз бетінше жіберген. Ол жерде де құстардың жоғары патогенді H5 тұмауын құстардың жұқтырғанын расталыпты.

"Ресейде құс тұмауының өршуі туралы алғашқы хабарламалар пайда бола салысымен біз дереу зауыттағы дезинфекциялық кедергілерді күшейту үшін қосымша шаралар қабылдадық. Сондай-ақ 2 қыркүйекте құстар популяциясына вакцина бөлу туралы өтініш жібердік, бірақ бүгінгі күнге дейін бұл өтінішке жауап алған жоқпыз. 12 тамызда біз өз қаражатымызбен VOLVAC B.E.S.T.AL + ND вакцинасымен құстардың бір бөлігіне құс тұмауына қарсы вакцина ектік. Бірақ Новосібірдегі зертханада жүргізілген зерттеу вакцина салынған құстардың да құс тұмауынан қайтыс болғанын көрсетті", – деді құс фабрикасының директоры Жамиля Исмаилова.

Сонымен қатар компания құстардың тұншығып өлгені туралы сөздердің зертханалық сараптамалармен расталмағанын айтуда.

Сондай-ақ баспасөз қызметі хабарлағандай, құс фабрикасында тірі құс қалмаған,  69 545 құс фабрика аумағында өліп жатыр. Қоймаларда 2 миллион жұмыртқа бар, оларды да жою қажет. Заңнамаға сәйкес құс ауруы кезінде оларды тәркілеу және жою жұмыстарын Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, республикалық эпизоотияға қарсы тобы істеуге тиіс.

"Осы уақытқа дейін аталған мемлекеттік органдар бұл жұмысты кешіктіруде, ешқандай әрекет жасамай отыр. Сондай-ақ құстарды жою, оларды құжатпен тіркеу тәртібі өрескел бұзылды. Бүгінгі күні уәкілетті органдар тек 81 847 құсты тәркілеу туралы бұйрық шығарды, оның тек 55130 бас құсқа ғана тәркілеу туралы актілер жасалды, бірақ сонымен бірге 360 460 құс жойылды, актілер жасалды. Қалған құстарды жою үшін зауытқа тыйым салу туралы бұйрық берілмей отыр. Бұл құжаттарды қолданыстағы ережелерге сәйкес ВБҚК құс ауруының бүкіл аумаққа таралмауы үшін карантин енгізілген күннен бастап екі күн ішінде берілуі керек еді", – деп хабарлады "Агроинтерптица" басшылығы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу