Болған оқиғаға қатысты Арқалық қаласы полициясының басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жол апаты сағат 14.03-те болған. Арқалық-Торғай тас жолында "Toyota" автокөлігінің жүргізушісінің қарсы қозғалыс жолағына шығып, соның кесірінен бес автокөлік соқтығысты.
"Toyota-ның" жүргізушісі алдымен "Ниссан" автокөлігімен, одан кейін тағы үш көлікпен соқтығысқан , – деді Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.
Апат салдарынан "Ниссан" жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жол апатынан 9 адам зардап шекті. Олардың үшеуі Арқалықтың ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.