Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ozon мен Wildberries-те тіркелген отандық сатушылардың саны туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша Ozon алаңында тіркелген қазақстандық сатушылардың саны – 45 400, Вайлдберриз аланында – 55 704.
Ozon маркетплейсі екі фулфилмент-сұрыптау орталығын іске қосты. Мәселен, Алматыда – 5000 ш.м., Астанада – 38 000 ш.м., қосымша Алматыда 43 000 ш.м. іске қосу жоспарланып отыр. Барлық қалада 1189 тапсырысты жеткізу пункті ашылды", - деді Арман Шаққалиев.
Министрдің мәліметінше, Wildberries маркетплейсі жалпы ауданы жиырма 29 600 шаршы метрді құрайтын 6 логистикалық орталық және 621 тапсырысты жеткізу пункті ашылды. Астана мен Алматы қалаларында екі фулфилмент орталығын салу жоспарланып отыр.