Армениялық көліктің салығы Қазақстанда ғана төленуі мүмкін

1118

Еліміздің Қаржы министрлігі одақтас елдегі әріптестерімен осы мәселеге қатысты келіссөз жүргізіп жатыр.

Армениялық көліктің салығы Қазақстанда ғана төленуі мүмкін

Қазақстанға 2020 жылдың 1 ақпанына дейін кіргізілген көліктерге қатысты шешім қабылданды. Олар уақытша тіркеледі және салығы Қазақстанда төленеді, деп мәлімдеді ҚР қаржы министрі Ерұлан Жұмабаев. 

Бірақ шендінің айтуынша, мұндай көлік иелері Армения Республикасына салық төлеуге міндеттелуі де мүмкін. Қазіргі уақытта қаржы министрлігі ел аумағында жүрген машиналардың иелері салықты екі елге төлемес үшін армениялықтармен келіссөз жүргізуде. 

Естеріңізге сала кетейік, армениялық есепте тұрған автокөліктер біздің елде 1 маусымнан бастап уақытша тіркеле бастады. Ондай машина иелері тек үш төлем жасауға тиіс: 

  • тіркеу алымы – 695 теңге; 
  • төлқұжат үшін төленетін баж салығы – 3 473 теңге; 
  • мемлекеттік нөмір үшін төленетін баж салығы – 7 778 теңге. 

Нәтижесінде 11 946 теңге төлеген соң сары нөмір алып, ел аумағында еркін жүйткуге болады. Бірақ барлық алым-салықты толық төлемей, көлікті Қазақстанда қайта тіркеуге мүмкіндік жоқ.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу