Армия Украинадағы арнайы операцияны жалғастырады – Сергей Шойгу

2698

Оның пікірінше, украиналық әскерлер бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланып жатыр.

Армия Украинадағы арнайы операцияны жалғастырады – Сергей Шойгу

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу армия алған қойған мақсатына жетпейінше, Украинадағы арнайы әскери операцияны тоқтатпайтынын, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

1 наурызда өткен селекторлық кеңесте министр Украинадағы арнайы операцияның басты міндеті Ресейді Батыстан төнген әскери қауіптен қорғау екенін атап өтті.

"Біз үшін басты мақсат – Ресей Федерациясын Батыс елдерінен төнген әскери қауіптен қорғау. Олар украин халқын елімізге қарсы күресте пайдалануға тырысады", – деді Сергей Шойгу. 

Ол Украинаның қарулы күштері дүркіндетіп атудың реактивті жүйелерді, қарулар ме мен ірі калибрлі минометтерді тұрғын үйлердің аулаларында, мектептер мен балабақшалардың жанында орналастырып жатқанын жеткізді. Оның пікірінше, украиналық әскерлер бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланып жатыр.

"Әскери қақтығыс кезінде Украина тарапы бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланудан тартынбай отыр. Дүркіндетіп атудың реактивті жүйелері, қарулар мен ірі калибрлі минометтер тұрғын үйлердің аулаларында, мектептер мен балабақшалардың жанында орналастырылды", – деді РФ Қорғаныс министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу