Арнайы белгі бар тұрақтарда электромобильді тегін қоюға болады – заң жобасы

371

Қазақстандағы электромобильдердің саны жыл санап артып жатыр. 

Арнайы белгі бар тұрақтарда электромобильді тегін қоюға болады – заң жобасы Фото: inbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев электромобильдерге тегін тұрақ ұсынуды қолдайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз талдау жасап қарадық. 2023 жылдың басында Қазақстанға 800-дей электромобиль көліктері кірген. Бүгінгі таңда, оның саны 9 мыңға жетті. Яғни, 9-10 есеге өсіп кетті. Бұл заңды қабылдап, өндіріске енгізіп жатқан себебіміз – келген автокөліктерге инфрақұрылым дайындау, оларды зарядтайтын станцияларды орналастыру. Бірнеше заңға өзгеріс енгізіп жатырмыз. Болашақта болатын қалааралық жолдардың барлығына электромобильдерді зарядтайтын электр станцияларына жер беріледі. Екіншіден, оған қуаттағыш электр энергиясы берілетін болады. Сонымен қатар, үлкен паркингтерде, сауда орындарында, вокзалдарда, такси тұратын орындарда, әуежайларда – барлық жерде орналасатын болады", – деді депутат Самат Мұсабаев.

Оның айтуынша, электромобильдер өте аз мөлшерде электр энергиясының қуатымен зарядталады.

"Шыны керек, әлемнен қалмауымыз керек. Бұл – біздің экология. Алматы, Астанадағы іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерден құтылуымыз керек. Біз осы электромобильге кетуіміз керек", – деп жалғастырды спикер тілшілердің сауалына берген жауабында.

"Арнайы белгісі бар тұрақтарда электромобильді қою тегін болады", – деп атап өтті халық қалаулысы.

БАҚ өкілдері "Электромобильдерді қарапайым адамдар сатып ала алмайды. Бұл алалау емес пе?" деп сұрады.

"Электромобиль бағасы қолжетімді. Бағасын білмеймін. Сіздер білмесеңіздер, мен оған анализ жасамаймын. Шарықтап тұрған баға жоқ. Қытай электромобильдері арзан. Көлеміне байланысты 7-8 млн, 11 млн теңге", – деді депутат.

Самат Мұсабаев электромобильдерге тегін тұрақ ұсынуды қолдайтынын жеткізді.

Айта кету керек, осыған дейін электромобильдерге қажет инфрақұрылымды дамытуды көздейтін заң жобасын мақұлданғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу