Арнайы экспедиция Катонқарағайдағы қар барысын іздестіруде

1379

Арнайы экспедиция Катонқарағайдағы қар барысын іздестіруде

Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында болған экспедиция мүшелері сирек кездесетін жануар - қар барысының іздерін таппады. Бұл туралы бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) Алтай-Саян бөлімшесінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

WWF Алтай-Саян бөлімшесі Шығыс Қазақстан облысында қар барысын іздеу жұмыстарын Pernod Ricard Kazakhstan компаниясының қолдауымен биыл көктемде бастаған болатын.  

WWF Алтай-Саян бөлімшесінің баспасөз хатшысы Татьяна Иваницкаяның айтуынша, экспедицияға Катонқарағай ұлттық саябағының және бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының Қазақстандағы серіктесі - Қазақстанның биологиялық алуантүрлілігін сақтау қауымдастығының  қызметкерлері қатысқан. Олар осы жылдың шілде-қазан айларында Катонқарағай ұлттық саябағы аумағына үш мәрте экспедицияға шығып, қар барысы жүруі мүмкін жерлерге 19 автоматты камера орнатқан. Өкінішке қарай, мамандар далалық жұмыстар барысында қар барысының ізін таба алмады. Арнайы орнатылған камералар Сібір тау ешкісін, марал, аю, алтай ұларын суретке түсіріп алған.    

"2015 жылы Катонқарағай ұлттық саябағында қар барысының 4-5 түрінің ізі табылған болатын. Бұл нәтиже WWF бастамасымен және "Сібір саулығы" корпорациясының "Сенің төңірегіңдегі әлем" ("Мир вокруг тебя") қорының қолдауымен өткен далалық экспедиция қорытындысында алынған еді. Алайда, өкінішке қарай бұл жолы  серіктестеріміз Катонқарағайдан сирек кездесетін жыртқыш аңды таба алмады. Мұны түсіндірудің екі жолы бар. Яғни қар барысы ұлттық саябақ аумағынан жоғалып кетті немесе есепке алу тобы барынша тыңғылықты жұмыс істемеді. Ондай жайт та орын алып тұрады. Қараша айында Катонқарағай қар барысына не болғанын білу үшін WWF ҚР білім және ғылым министрлігі Зоология институмен бірге тағы бір экспедицияға бастамашылық жасады. Осы айдың соңында институт қызметкерлері ұлттық саябақпен астасып жатқан қырқаларға фотокамералар орналастырады. Келесі жылдың ақпанында барлық камералар тексеріледі", - деді WWF Алтай-Саян бөлімшесі жобасының аға үйлестірушісі Александр Карнаухов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу