"Арнайы жасақ қызметкеріне оқ атқан": ІІМ елордадағы оқиға туралы түсінік берді

163

Күдікті қамауға алынды.  

"Арнайы жасақ қызметкеріне оқ атқан": ІІМ елордадағы оқиға туралы түсінік берді Фото: ig-store.ru

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Астанада арнайы жасақ қызметкеріне жасалған шабуыл туралы пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыдан бір апта бұрын Астанада құқық қорғау органының қызметкеріне қарулы шабуыл жасалған болатын. 

Санжар Әділовтің сөзінше, көшеде аңшы мылтығын ұстап жүрген адамды көрген арнайы жасақ қызметкері оны ұстап, қаруын алып қоюға әрекет жасаған.

"Қаруланған ер адам оқ атып, біздің қызметкер арқа тұсынан жараланды. Кейін күдікті құрықталып, оқиға орнына полицияның басқа қызметкерлері келді. Зардап шеккен арнайы жасақ қызметкері ауруханаға жеткізіліп, алғашқы күндері жансақтау бөлімінде жатты. Бүгінгі таңда ем қабылдап жатыр", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Күдікті адам адам өлтіруге оқталғаны үшін қамауға алынды.

Ішкі істер министрінің орынбасарының сөзінше, күдікті мен құқық қорғау органының қызметкері бұған дейін таныс болмаған. Оқыс оқиға елордадағы орталық ауданның бірінде болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу