"АрселорМиттал Теміртаудың" 350-ге жуық кеншісі эвакуацияланды

1344

Қарағанды облысында "Саран" шахтасынан өрт шығып, 348 кенші қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

"АрселорМиттал Теміртаудың" 350-ге жуық кеншісі эвакуацияланды Фото: Максим Морозов

"2021 жылдың 12 наурызда үшінші ауысымда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға тиесілі "Саран" шахтасында көлбеу конвейерлік квершлагта өрт шықты. Шахтадағы 348 жұмысшы жер бетіне шығарылды. Апатты жою жоспары жүзеге асырылды", - деп жазылды компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда мамандар апаттың шығу себебі анықтап жатыр.

Күні кеше ғана "АрселорМитталТеміртауға" тиесілі жылу орталығында төтенше жағдай орын алып, екі жұмысшы жарақат алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу