Талдықорған қаласында марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот залында қайғылы оқиға күні дүкендегі бейнебақылау камерасына жазылған видео көрсетілді.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушы Нұрбол Тоқтаубаевтан "Әбдіқадыр мен Ғайыпбаев не туралы сөйлесті?" деп сұрады.
"Ана жерде Нұрқанат жібермей тұрды. "Қазір сөйлесеміз, балалар келеді" деді. Біздің балалар келген кезде де амандасты, байқасаңыздар болады", - деді Нұрбол Тоқтаубаев.
"Сотталушы, бұл жерде Сакиев Ғайыпбаевты қолынан қысып, сүйреп бара жатыр. (...) Құрметті сот, басқа сотталушыларға ескерту жасауыңызды сұраймын. Артынан сөйлеп, айтып отыр", - деді прокурор Дана Сәрсенбай.
Судья Ержан Жанұзақов әр сотталушыдан жеке-жеке жауап алынатынын еске салды.