Арыс қаласының халқына көмек көрсету қорына қаражат аударғандар қатары артты

2207

Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған жағдайға ешкім бей-жай қарап отырған жоқ.

Арыс қаласының халқына көмек көрсету қорына қаражат аударғандар қатары артты

Еліміздің кәсіпкерлері, еріктілер, мемлекеттік қызметкерлер, ҚМДБ, партиялар және өзге де ұжымдар зардап шеккендерге барынша көмек қолын созуда. 

Мысалы еліміздің бас банкі мен оның ведомстволық ұйымдары бір күндік жалақысын Арыс қаласының халқына көмек көрсету қорына аударады. Сонымен қатар Президент әкімшілігінің қызметкерлері де бір күндік еңбекақыларын қорға береді.

Зардап шеккендер үшін қажетті заттарды қабылдау пунктері ашылды. Өңірлерден гуманитарлық көмек жөнелтілді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу