Арыс станциясындағы бас жолдарда қозғалыс қалпына келтірілді

1823

Арыста теміржолдар оқ-дәріден тазартылып, жөнделіп, байланыс желісіне кернеу берілген соң станция арқылы 23 пойыз өткізілді.

Арыс станциясындағы бас жолдарда қозғалыс қалпына келтірілді

"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметі Арыс-Талдықұдық жұп жол бойынша және Шағыр-Талдықұдық тақ жол бойынша, сондай-ақ Қалаш-Арыс-2 – жұп және тақ жол бойынша, Ақдала-Арыс-2 жұп жол бойынша қозғалыс ашылғанын хабарлады. 

 Алғашқы №369 "Новосибирск-Ташкент" жолаушылар пойызы 26 маусымда Шымкент станциясынан 22 сағат 30 минутта жөнелтілді.

Айта кетсек, Арыс станциясы тек басты жолдармен жүру үшін ашық, ал сұрыптау және қабылдап-жөнелту жолдары қозғалыс үшін әлі жабық.

26 маусымнан 27 маусымға қараған түні Арыс станциясы арқылы 23 пойыз өткізілді, оның ішінде 7 жолаушы, 8 контейнерлік, 8 жүк пойызы.

Еске сала кетсек, апта басында орын алған жарылыс салдарынан Арыс арқылы өтетін жылжымалы құрамдардың қозғалыс кестесі мен бағыты өзгерген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу