Арыс тұрғындары жыл соңына дейін салық төлемейді

940

Салықтық демалыс Арыстағы төтенше жағдайға байланысты беріліп отыр.

Арыс тұрғындары жыл соңына дейін салық төлемейді

Арыс тұрғындары жыл соңына дейін салықтан босатылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business. 

Дерекке сенсек, салықты өндіріп алу шаралары түгелдей тоқтатылды. Өсімақы мен айыппұлдар есептелмейді. 

Салықтық демалыс Арыстағы төтенше жағдайға байланысты беріліп отыр.

Айта кетейік, қазір қалада 792 заңды тұлға, 3 мыңнан астам жеке кәсіпкер және 65 мың жеке тұлға  салық төлеуші ретінде тіркелген.

Еске сала кетсек, бұған дейін кәсіпкерлер жарылыс салдарынан банктен алған несиелерін төлей алмай қалғандығын және оның үстеме ақысы өсіп жатқандығын айтып, шағымданған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу